23 Сәу 2021
Материал №9 Ш.Уалиханов

Әлеуметтік педагог

Мектебімізде 2021 жылдың 11-қаңтары мен 11-ақпаны аралығында республикалық «қамқорлық» акциясы айлығы өткізілуде.

Акция мақсаты: тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсету

11-қаңтар мен 12-ақпан аралығында мектебімізде "Қамқорлық" акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептермен (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығына байланысты ) балалардың мектепке келе алмауының алдын алу. Акция кезінде мектеп ұжымы, ата – аналары жомарттық танытып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдарымен, оқушы формасы,спорттық форма, аяқ киіммен қамтамасыз етті.