15 Қаз 2020
Материал №9 Ш.Уалиханов

Іс-шаралар




Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени  ұлттық құндылықтарды, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.

Биылғы жаңа оқу жылының 2017-2018 оқу жылында  мектебімізде  білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен  психологиялық  денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнатуда жоспарға сай бірқатар тәрбие жұмыстары атқарылды.